Жеті минут ойнады: Дастан Сәтпаев «Челсидің» тағы бір матчына қатысты

Дастан Сәтпаев Лондонның «Челси» клубы сапындағы кезекті жолдастық кездесуге қатысты

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев Лондонның «Челси» клубы сапындағы кезекті жолдастық кездесуге қатысты.

Малайзияның «Джохор Дарул Такзим» командасына қарсы өткен матчта Сәтпаев 87-минутта алаңға шығып, шамамен жеті минут ойын өрнегін көрсетті.

Кездесу нәтижесінде «Челси» қарсыласымен 3:3 есебімен тең түсті. Лондондық клуб жеңілістен матчтың соңғы минутында соғылған автоголдың арқасында құтылды.