«Астана» жеңіске жетті, «Ақтөбе» тең ойнады: ҚПЛ 21-туры нәтижесі

9 тамыз күні Қазақстан Премьер-лигасының 21-туры аясында үш кездесу өтті.

9 тамыз күні Қазақстан Премьер-лигасының 21-туры аясында үш кездесу өтті. «Астана» өз алаңында «Оқжетпесті» 2:1 есебімен жеңді. Қонақтар сапынан 20-минутта Борис Лотоцкий есеп ашты. Алайда 28-минутта Карло Бартолец таразы басын теңестіріп, 40-минутта Марин Томасов «Астананы» алға шығарды. Осы есеп матч соңына дейін сақталды.

Семейде «Елімай» «Ертісті» 3:1 есебімен ұтты. Алаң иелері сапынан Иван Свиридов 73-минутта есеп ашты. 77-минутта Май Миттендорфер өз қақпасына гол соғып, есеп 1:1 болды. Кейін Акмаль Бахтияров 80-минутта, ал Мирас Оматай 90+2 минутта гол соғып, «Елімайдың» жеңісін бекітті.

Ал «Атырау» мен «Ақтөбе» 1:1 есебімен тең тарқасты. 37-минутта Максимович «Атырауды» алға шығарса, 75-минутта Соса «Ақтөбенің» жауап голын соқты