Астана қаласының Білім басқармасы ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған күніне орай, 10 тамызда тағылымды челлендж бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Аталған бастамаға TANYM көпфункционалды кешенінің педагогтері қатысып, Абайдың өлеңдері мен әндерін орындау арқылы ұлы ойшылдың мұрасын насихаттауда.
Білім беру ұйымдарының педагогтері бұл игі бастаманы қолдап, әлеуметтік желілерде Абайдың шығармаларын орындау эстафетасын жалғастырып жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.