Кірпіш зауыты іске қосылды

1,5 млрд теңгеден астам инвестиция, 40 жаңа жұмыс орны және жылына 45 млн кірпіш өндіру – Қарағанды облысының Осакаров ауданында жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын іске қосылды.

Жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық аясында жүзеге асырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

«Алтын Алқап Қарағанды» ЖШС зауыты жылына 45 млн кірпіш шығаруға есептелген. Мұнда сазды дайындаудан бастап дайын өнімді күйдіруге дейінгі толық өндірістік цикл жолға қойылған. Бір партия өндірістің барлық кезеңінен шамамен сегіз сағатта өтеді.

Зауытты өз шикізатымен қамтамасыз ету үшін инвесторға саз кен орнын игеруге арналған жер учаскесі берілді. Сонымен қатар жаңа өндіріс үшін қажетті инженерлік инфрақұрылым құрылды.

 Жобаға мемлекет тарапынан кешенді қолдау көрсетілді. Кәсіпорынды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында Қарағанды облысының әкімдігі бюджет қаражаты есебінен сыртқы электрмен жабдықтау желілерінің құрылысын қаржыландырды,  деді Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Асқар Ғазалиев.

Оның айтуынша, кәсіпорынның іске қосылуы мемлекеттік қолдаудың жеке инвестиция тартуға, жаңа өндірістерді дамытуға және оған қажетті жағдай жасауға қалай ықпал ететінін көрсетеді.

Жобаның еңбек нарығы үшін де маңызы зор. Қазіргі уақытта зауытта 20 адам жұмыс істейді. Кәсіпорын жобалық қуатына шыққаннан кейін тұрақты жұмыс орындарының саны 40-қа дейін артады.

 Аудан тұрғындары үшін бұл  жаңа жұмысқа орналасуға, кәсіби тұрғыдан өсуге және заманауи өндірістік технологияларды меңгеруге мүмкіндік,  деді Осакаров ауданының әкімі Руслан Нұрмұханбетов.

Инвестор Сай Шуан Гун Осакаровканың тиімді орналасуы өнімді тек Қарағанды облысына ғана емес, Ақмола облысына да жеткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қолайлы логистиканың арқасында біздің өнім екі өңірдің қажеттілігін бірден өтеуге мүмкіндік береді. Біз құрылыс компанияларымен ұзақмерзімді ынтымақтастық орнатуға, сапалы өнімді тұрақты шығаруға және өндірісті одан әрі дамытуға ниеттіміз,  деді ол.

Кірпіштің алғашқы үлгілері әлеуетті сатып алушылар тарапынан оң бағасын алды.

 Күйдірілмеген кірпіштің өзінен-ақ оның геометриясының тегіс екені көрінеді. Алғашқы әсер бойынша кірпіш тығыз, бұл оның сапасының жақсы екенін көрсетеді,  деді құрылыс компаниясының өкілі Ислам Тасуев.

Кәсіпорын отандық құрылыс материалдарының өндіріс көлемін арттыруға, қосымша жұмыс орындарын ашуға және жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді көбейтуге мүмкіндік береді.