Ақтауда Caspian Sea Action Week 2026 халықаралық іс-қимыл апталығы өтті

ҚОҚАТО Caspian Sea Action Week 2026 ашылуына қатысты.

Ақтау қаласында Каспий теңізін қорғауға бағытталған Caspian Sea Action Week 2026  халықаралық іс-қимыл апталығының салтанатты ашылуы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Іс-шара сегіз мемлекеттің өкілдерін біріктіріп, Каспий теңізінің бірегей экожүйесін сақтаудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған халықаралық алаңға айналды.

Халықаралық апталыққа Каспий маңы мемлекеттері, сондай-ақ Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен волонтерлік қауымдастық өкілдері мен еліміздің 20 өңірінен 150-ге жуық жас қатысты.

Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры  Асхат  Кожумов қатысты.

Іс-шара қонақтарының қатарында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық мәдениет және саясат департаментінің директоры  Дәулет Есмағамбетов болды.

Құттықтау сөзбен Маңғыстау облысының әкімі  Нұрдәулет  Қилыбай сөз сөйледі. Ашылу рәсіміне телемост арқылы Атырау облысының басшылары мен өкілдері, сондай-ақ Баку, Астрахан және Балқанабат қалаларының басшылары мен өкілдері қосылды.

 Caspian Sea Action Week 2026  апталығы Каспий теңізінің экологиялық жағдайына қоғам назарын аударуға, халықаралық және өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және оның бірегей экожүйесін сақтау жолындағы ортақ күш-жігерді біріктіруге бағытталған.

ҚОҚАТО-ның іс-шараға қатысуы Орталықтың экологиялық өзара іс-қимылды дамыту, экологиялық жауапкершілікті арттыру және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамаларды ілгерілету жөніндегі жүйелі жұмысының жалғасы болды.

Каспий теңізін сақтау – біздің ортақ жауапкершілігіміз және болашақ ұрпақ алдындағы ең маңызды міндет.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.