Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында жол жөндеу жұмыстары кезінде жұмысшы қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қайғылы оқиға Тарғын ауылының маңындағы жол учаскесінде болған. Бұл аумақта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан.
Куәгерлердің айтуынша, қаза болған азамат жол техникасын басқарған жүргізуші болған. Полиция ер адамның қайтыс болғанын растады.
Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Осы факті бойынша полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 277-бабың 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша, яғни тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.