Алматы қаласында ҚР Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың сайлауалды науқаны аясында «Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғановтың агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ғалымдармен және мамандармен кездесті, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты «Ауыл» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Іс-шараға ҚР Құрылтайы депутаттығына кандидаттар Ахметбек Қоңырбаев, Айбек Қуатбаев, Айнұр Ыдырысова және Алмас Мұхаметов қатысты. Кездесу барысында аграрлық ғылымды дамыту, селекция мен тұқым шаруашылығын жетілдіру, ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу, қолданбалы зерттеулерді қаржыландыру және жас кадрларды даярлау мәселелері талқыланды.
Қайрат Айтуғанов азық-түлік қауіпсіздігі мен технологиялық тәуелсіздіктің негізі отандық ғылым мен өндірісте екенін атап өтіп, ғылыми идеядан бастап оны өндіріске енгізуге дейінгі толыққанды жүйені қалыптастыру қажеттігін айтты. Ғалымдар мен АӨК мамандары саланың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстарын білдірді. «Ауыл» партиясының төрағасы олардың пікірі мен ұсынысы партияның сайлауалды бағдарламасын нақтылау және алдағы жұмыста ескерілетінін атап өтті.
«Азық-түлік тәуелсіздігі өз ғылымымыздан басталады. Ал технологиялық тәуелсіздік — өз білімімізді өз өндірісімізге айналдыра алу қабілетінен бастау алады», — деп түйіндеді Қайрат Айтуғанов.