Ауыр жүк таситын транзиттік көлік құралдарына Астана аумағына кіруге тыйым салынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Енді олар қалаға кірмей, айналма жол арқылы жүруге тиіс.
Тиісті құжатпен Астана аумағы арқылы транзиттік автомобиль көлігінің жүру схемасы мен тәртібі белгіленді.
Қаулы «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 8-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленген.
Құжатқа сәйкес, ауыр жүк таситын транзиттік көлік құралдарының қозғалысы «Астана қаласының айналма жолы» автомобиль жолы арқылы жүзеге асырылады.
«Астана қаласының айналма жолы» автомобиль жолының ішіндегі аумаққа ауыр жүк таситын транзиттік көлік құралдарының кіруіне тыйым салынады.
Бұл ретте қала шегінде жеңіл автомобильдердің қозғалысына шектеу қойылмаған.