МузАРТ тобының әншісі Сәкен Майғазиев алғашқы немересінің бесік тойын жасады, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі тойда әйелі Динараға тәтті торт ұсынғанын көруге болады. Айтуынша, үйленген кезде үлкен той жасамаған.
«Біздің кезде торт болмады. Біз тіпті той жасамадық. Динара ақ көйлек киген жоқ, ақ фата тақпады. Ал мен қара костюм кимедім» - деді әнші.
Желі қолданушылары әншіге қолдау білдіріп, жылы лебізін білдіріп жатыр.
«Мерейтой жасаңыздар», «Қайта кимегендер бақытты бола ма деймін», «Кимегендер біргеміз», «Ол кезде ата - ананың жағдайына қарайласатын едік», «Ақ көйлек кимесек те бақыттымыз!» - деді оқырмандар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.