Астанада Алматы облысының креативті жәрмеңкесі өтті

Creative Aimaq: Астанада Алматы облысының креативті жәрмеңкесі өтіп, оған мыңдаған адам қатысты.

Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында  Creative Aimaq жобасы аясында Алматы облысының креативті жәрмеңкесі өтті. Екі күн ішінде көрмені 2 мыңға жуық адам тамашалады, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Жәрмеңкеде зергерлік бұйымдар, ағаш пен былғарыдан жасалған өнімдер, ұлттық тоқыма, қазақы сән үлгілері, ұлттық киімдер мен аксессуарлар, сырмақ, сөмке, әмиян, белдік, кәдесыйлар, сәндік паннолар және бейнелеу өнері туындылары ұсынылды. Экспозицияның жекелеген бөлімдері Жамбыл Жабайұлы мен Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналды.

Creative Aimaq  жобасының мақсаты – өңірлік креаторларға өнімдерін кең аудиторияға таныстыруға, жаңа тұтынушылар табуға және отандық креативті өнімдердің нарығын кеңейтуге мүмкіндік беру. Жобаның алғашқы сегіз өңірдегі нәтижелері бұл форматтың тиімділігін көрсетті. Креаторлар жаңа тұтынушылар мен серіктестер тауып, өнімдерін өңірлік нарықтан тыс жерлерге шығаруға мүмкіндік алды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.