Алматының көлік инфрақұрылымын дамыту, метрополитен қызметінің қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыру, сондай-ақ сала мамандарының еңбек жағдайын жақсарту мәселелері «Әділет» партиясы өкілдері мен Алматы метрополитені ұжымының кездесуінде талқыланды. Қаланың күнделікті тыныс-тіршілігінде маңызды рөл атқаратын метро жүйесін одан әрі дамыту мегаполис үшін стратегиялық маңызға ие.
Алматы метрополитені – қаланың көлік жүйесіндегі стратегиялық маңызы бар нысандардың бірі. Метрополитен қызметін тәулігіне 100 мыңға жуық жолаушы пайдаланады. Метро жол-көлік инфрақұрылымына түсетін жүктемені азайтып, қоғамдық көлік жүйесін дамытуға ықпал етеді. Оның үздіксіз жұмысын машинистер, инженерлер, техникалық мамандар, диспетчерлер және басқа да қызметкерлер қамтамасыз етеді.
Кездесуге Құрылтай депутаттығына кандидаттар Сергей Пономарев, Бөріхан Нұрмұхамедов және Айжан Скакова, сондай-ақ сайлауалды штаб мүшелері Марк Бейдали, Бахтияр Камалов және Ержан Медеуов қатысты.
Кездесу барысында партияның «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Еңбек адамының мәртебесін арттыруға, әлеуметтік кепілдіктерді күшейтуге, қалалық инфрақұрылымды жаңғыртуға, сондай-ақ қоғамдық көліктің қолжетімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
Ашық диалог барысында метрополитен қызметкерлері саладағы өзекті мәселелерді көтеріп, еңбек жағдайын жақсарту, көлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту және сала мамандарын қолдау бойынша ұсыныстарын білдірді.
«Алматы сияқты ірі мегаполис үшін тиімді әрі қауіпсіз қоғамдық көлік жүйесін дамыту – стратегиялық міндеттердің бірі. Метрополитеннің тұрақты жұмысы ең алдымен осы салада еңбек ететін мамандардың кәсібилігі мен жауапкершілігіне байланысты. Сондықтан саланы одан әрі дамыту барысында қызметкерлердің ұсыныстарын естіп, олардың еңбек жағдайына қатысты мәселелерді назардан тыс қалдырмау маңызды», – деді Құрылтай депутаттығына кандидат Сергей Пономарев.
«Әділет» партиясының өкілдері еңбек ұжымы тарапынан айтылған ұсыныстар мен көтерілген мәселелер назарға алынып, партияның алдағы жұмысында ескерілетінін атап өтті.
«Есіктен есікке» акциясы аясында Қызылордада 48 мың адамның ұсынысы тыңдалды
Сайлауалды үгіт жұмыстары басталғалы бері «Әділет» партиясының сайлауалды штабы өкілдері мен Құрылтай депутаттығына үміткерлер «Есіктен есікке» акциясы аясында Қызылорда облысының елді мекендерін аралап, тұрғындармен тікелей кездесулер өткізіп келеді. Бүгінгі күнге дейін бұл форматтағы кездесулерге 48 мыңға жуық тұрғын қамтылып, азаматтардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Бұл жұмыстың бір көрінісі – Сырдария ауданындағы Бесарық пен Қоғалыкөл ауылдарындағы кездесулер. Мұнда Құрылтай депутаттығына үміткерлер Мұрат Әбенов, Серік Қожаниязов, Нұркен Бақытбекұлы және Мағжан Ералиев ауыл тұрғындарымен жеке жүздесіп, күнделікті өмірде кездесетін мәселелерді талқылады. Кездесулер барысында «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттары да таныстырылды.
Қоғалыкөл ауылында үміткерлер «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпазы атанған Рүстемовтер отбасына арнайы барды. Отбасымен әңгіме барысында бала тәрбиесі, отбасы құндылықтарын сақтау, қоғамдық белсенділік және отбасыларды қолдау мәселелері сөз болды.
Ауылдағы кәсіпкерлік пен жастардың бастамалары да тұрғындар көтерген маңызды тақырыптардың қатарында. Жас кәсіпкерлер Мақаш Нұрбол мен Аида Нартайқызы өз тәжірибелерімен бөлісіп, ауылда жеке кәсіпті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және жастардың бастамаларына қолдау көрсету жөніндегі пікірлерін жеткізді.
Бесарық ауылында шаруа қожалығының өкілдерімен және еңбек адамдарының отбасыларымен кездесулер өтті. «Шыңғыс» шаруа қожалығының төрағасы Шыңғыс Сабыр және Гүлмира Сыздықбаева отбасымен болған әңгімеде ауыл шаруашылығының жайы, еңбек адамының рөлі және ауыл кәсіпкерлерін қолдау мәселелері талқыланды.
Білім саласының мәселелері де назардан тыс қалмады. Ауылда еңбек етіп жүрген жас отбасы Ғазиз Құламқадіров пен Ақжанат Өтеповамен кездесуде білім сапасы, жас мамандарды қолдау, ауыл жастарына мүмкіндік жасау және кәсіби дамуға жағдай қалыптастыру мәселелері қозғалды.
Осы кездесулерден байқалғаны – ауыл тұрғындарын толғандыратын мәселелер бір ғана саламен шектелмейді. Бір отбасын бала тәрбиесі мен әлеуметтік қолдау мәселесі алаңдатса, жас кәсіпкерлер үшін бизнесті дамыту мен жаңа мүмкіндіктер маңызды. Шаруа қожалықтары ауыл шаруашылығының жағдайын сөз етсе, жас мамандар білім сапасы мен кәсіби дамуға қажетті жағдайды көтереді.
Үміткерлердің айтуынша, тұрғындармен тікелей жүздесу жергілікті жердегі нақты мәселелерді зерделеп, азаматтардың ұсыныстарын ескеруге мүмкіндік береді.
Кездесулерде көтерілген мәселелер «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы бірқатар бағыттармен үндеседі. Бағдарламада ауыл шаруашылығын дамыту, ауыл кәсіпкерлерін қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, еңбек адамдарының әлеуетін арттыру, білім сапасын жақсарту және ауыл жастарына жаңа мүмкіндіктер жасауға қатысты ұсыныстар қамтылған. Сонымен қатар отбасы институтын нығайту, әлеуметтік қолдауды күшейту және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру мәселелеріне де басымдық берілген.
Теміртауда металлургтерге үгіт-насихат жүргізді
«Әділет» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Вадим Басин мен Никита Шаталов және Қарағанды облыстық сайлауалды штабының мүшелері Теміртау қаласындағы Qarmet металлургиялық комбинатының ЛПЦ-1 және АГП цехтарының еңбек ұжымымен сайлауалды үгіт-насихат кездесуін өткізді.
Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, өнеркәсіп өндірісін дамыту, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуын күшейту, өндірістік инфрақұрылымды жаңғырту, кадрлық әлеуетті арттыру және еңбек адамын қолдауға бағытталған бастамалар туралы кеңінен баяндады. Сондай-ақ өндіріс орындарындағы еңбек жағдайын жақсарту, жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру және әлеуметтік кепілдіктерді нығайту мәселелері талқыланды.
– Өнеркәсіп өңір экономикасының негізін құрайды. Сондықтан өндіріс орындарында еңбек ететін азаматтардың құқықтарын қорғау, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдау шараларын күшейту әрдайым назарымызда болады. Біз еңбек адамының мүддесін қорғауға бағытталған нақты ұсыныстарды қолдаймыз, – деді Құрылтай депутаттығына кандидат Никита Шаталов.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Қатысушылар еңбек қауіпсіздігі, өндірістегі заманауи технологияларды енгізу, кадр даярлау, әлеуметтік қолдау және жастарды жұмысшы мамандықтарына тарту мәселелері бойынша өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.
Өз кезегінде кандидаттар қойылған сұрақтарға жауап беріп, партияның сайлауалды бағдарламасында көзделген бастамаларға жан-жақты тоқталды. Сонымен қатар қатысушыларды алдағы сайлауға белсенді қатысуға шақырып, әр азаматтың дауысы маңызды екенін атап өтті.
Кездесу соңында комбинат қызметкері Андрей Вишневский пікір білдірді.
– Бүгін өндіріс саласына қатысты көптеген өзекті мәселелер талқыланды. Кандидаттар өз бағдарламаларын таныстырып, жұмысшылардың ұсыныстарын тыңдады. Осындай кездесулер еңбек ұжымының пікірін жеткізуге мүмкіндік береді деп ойлаймын. Мен үшін еңбек адамының мүддесін қорғайтын бастамалар маңызды, – деді ол комбинат қызметкері Андрей Вишневский.