Қазақстанда цифрлық жұмыспен қамту қызметі іске қосылды

Оның негізгі қағидаты – жұмысты адам іздемейді, жұмыс адамды өзі табады.

Қазақстанда цифрлық жұмыспен қамту қызметі енгізіліп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оның негізгі қағидаты – жұмысты адам іздемейді, жұмыс адамды өзі табады.

Жүйе жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде жұмысқа мұқтаж азаматтарды автоматты түрде анықтайды. Оларға eGov және Enbek.kz мобильді қосымшалары арқылы немесе 1414 нөмірінен SMS түрінде тиісті хабарлама жіберіледі.

Жасанды интеллект азаматтың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оған лайықты бос жұмыс орындарын автоматты түрде іріктейді. Ұсыныстар азаматтың тұрғылықты өңірімен шектелмей, Қазақстанның басқа өңірлеріндегі және шетелдегі жұмыс орындарын да қамтиды.

Сонымен қатар жүйе азаматтарға оқу курстарынан өту, қайта даярлану және қоныс аудару мүмкіндіктері туралы ақпарат береді.

Осылайша, азаматқа жұмыс іздеу кезеңінен бастап тұрақты жұмысқа орналасқанға дейін сүйемелдеу көрсетіледі.