Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық теледебат өтеді

Дебатқа қатысушылар өздерінің партиясы неліктен қолдауға лайық екеніне сайлаушыларды сендіруге тиіс.

12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық телевизиялық дебат өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Тікелей эфирде бірінші тарихи Құрылтай сайлауына қатысатын жеті саяси партияның өкілдері кездеседі.

«Әділет» партиясы  Айжан Аймағанова мен Мәди Мырзағараев;

ЖСДП  Лариса Ли мен Нұрайнаш Камалова;

«Байтақ» партиясы  Амалбек Өміртай мен Алмат Тұртаев;

Қазақстан Халық партиясы Жандос Бидайбеков пен Ирина Смирнова;

«Ауыл» партиясы  Жазира Сұлтанқұлова мен Ерболат Саурыков;

«Ақ жол» партиясы  Бек-Мұхамед Жаукебаев пен Ермек Әбілдин;

Respublica партиясы  Олжас Құспеков пен Динара Шүкіжанова.

Дебатқа қатысушылар өздерінің партиясы неліктен қолдауға лайық екеніне сайлаушыларды сендіруге тиіс.

Көрермен назарына:

- сайлауалды бағдарламаларға толық талдау;

- тікелей эфирде келіп түскен ең өткір сұрақтарға жауаптар;

- дебатқа қатысушылардың пікірі бойынша сайлауалды бағдарламалардың әлсіз тұстары;

- партиялар өкілеттік мерзімі ішінде орындауға міндетті бір нақты уәде ұсынылады.

Тікелей эфир барысында көрермендер экрандағы QR-код немесе WhatsApp арқылы пікірталасқа қатысушыларға өз сұрақтарын жолдай алады.

Дебат аяқталғаннан кейін тікелей эфирде «Ашық студия» саяси ток-шоуы эфирге шығады. Сарапшылар пікірталастың негізгі сәттерін, қатысушылардың сөзін және дебаттардың сайлау науқанына ықпалын талдайды.

Алғашқы командалық теледебатты 12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасының тікелей эфирінен, сондай-ақ телеарнаның ресми YouTube арнасынан көруге болады.