Қазақстан Халық партиясы Астанада ересектер мен балаларды біріктірген веложарыстан тегін ашық жаттығу өткізді. Іс-шара демалыс күнгі таңды бүкіл отбасымен белсенді әрі пайдалы өткізуді ұйғарған астаналықтарды жинады.
Жаттығуды Астана қаласы Велосипед спорты федерациясының кәсіби жаттықтырушылары жүргізді. Қатысушылар велосипедті сенімді әрі қауіпсіз тебу дағдыларын меңгерді. Велосипедтер мен қажетті құрал-жабдықтарды ұйымдастырушылар ұсынды. Сондықтан жаттығуға дайындық деңгейіне және жеке велосипедінің бар-жоғына қарамастан әрбір адам қатысты.
Іс-шара Қазақстан Халық партиясының басты басымдығы – көпшілік әрі қолжетімді спортты дамытуды айқын көрсетті. Партия спортшылар, спорт ардагерлерін және техникалық персоналды қолдауды, сондай-ақ олимпиадалық қана емес, көбіне тиісті назар мен қаржыландырудан тыс қалып жататын олимпиадалық емес спорт түрлерін де дамытуды дәйекті түрде жақтайды. Мақсат – ұлт денсаулығына деген қамқорлық және барлық жастағы қазақстандықтар арасында салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру.
– Жасына, табысына және дайындық деңгейіне қарамастан спорт әркімге қолжетімді болуы тиіс. Бірақ ашық жаттығулар жеткіліксіз: өзгерістер заңнама деңгейінде бекітілуі керек. Қазақстан Халық партиясы ел заңдары спорт пен салауатты өмір салтының дамуын ынталандыруы үшін бар күш-жігерін салады – спорттың қолжетімділігіне, спортшылар, ардагерлер, жаттықтырушылар мен техникалық персоналды жүйелі қолдауға, сондай-ақ олимпиадалық та, олимпиадалық емес те спорт түрлерінің дамуына ықпал ететін болады. Көпшілік спорт пен салауатты өмір салты – күшті әрі дені сау ұлттың іргетасы, ал біздің міндетіміз – бұл үшін берік құқықтық негіз жасау, – деді Қазақстан Халық партиясынан үміткер Теміржан Әбдірахманов.