Мемлекет басшысы Колумбия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Бұл туралы Ақорда ресми хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Колумбиядағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Қазақстан халқының және өзінің атынан президент Абелардо де ла Эсприэльяға және оның отандастарына көңіл айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Президент қаза тапқандардың туған-туыстарының сабырға келуіне және із-түзсіз жоғалған жандардың тез арада отбасыларына оралуына тілектестігін білдірді.