Respublica өкілдері Ақтөбедегі сүт өндіретін кәсіпорынның жұмысымен танысты

Кездесуде отандық өндірісті дамыту, жергілікті шикізатты пайдалану, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау және өндіріс көлемін арттыру мәселелері талқыланды.

Ақтөбеге жұмыс сапары барысында Respublica партиясының сайлауалды штабының өкілдері «Молочные истории-А» ЖШС кәсіпорнына барып, сүт өнімдерін өндіру және өңдеу барысымен танысты, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Respublica партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Respublica-ның жаңартылған сайлауалды бағдарламасында экономиканы дамыту, отандық өндірісті қолдау және кәсіпкерлікке мүмкіндік беру негізгі бағыттардың бірі ретінде белгіленген. Партияның ұстанымы бойынша, жаңа өндіріс — жаңа жұмыс орындары, ал жаңа жұмыс орындары — халықтың тұрақты табысының негізі. «Бізге дайын байлықты бөлісу ғана емес, жаңа байлық жасау маңызды. Оның негізі - жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар, жаңа өндірістер және жаңа жұмыс орындары. Сондықтан отандық өндірушіні қолдау - экономиканы қолдаудың ең нақты жолдарының бірі», - деді Respublica өкілі. Партия өкілдері Ақтөбедегі кәсіпорындармен кездесулерін жалғастырады.