Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы Cairns Cup турнирін тең нәтижемен бастады

Қара түспен ойнаған қазақстандық шахматшы қарсыласымен тең түсіп, партияны ұпай бөлісумен аяқтады.

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өтіп жатқан Cairns Cup 2026 супертурниріндегі алғашқы партиясын тең нәтижемен аяқтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған Асаубаева бірінші турда FIDE рейтингінде жетінші сатыдағы Украина өкілі Анна Музичукпен кездесті. Қара түспен ойнаған қазақстандық шахматшы қарсыласымен тең түсіп, партияны ұпай бөлісумен аяқтады.

Асаубаеваның келесі турлардағы қарсыластары:

11 тамыз – Рамешбабу Вайшали (Үндістан);

12 тамыз – Элис Ли (АҚШ);

13 тамыз – Ставрула Цолакиду (Грекия);

14 тамыз – Хампи Конеру (Үндістан);

15 тамыз – демалыс күні;

16 тамыз – Тань Чжунъи (Қытай);

17 тамыз – Карисса Йип (АҚШ);

18 тамыз – Дивья Дешмух (Үндістан);

19 тамыз – Александра Костенюк (Швейцария).

Айта кетейік, Cairns Cup – әйелдер арасындағы беделді шахмат турнирлерінің бірі. Биылғы жарыстың жүлде қоры 250 мың долларды құрайды.