«Қайрат» Чемпиондар лигасындағы жорығын аяқтады, деп хабарлайды Aikyn.kz Qazsport телеарнасына сілтеме жасап.
Алматылық команда Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде екі матчтың қорытындысы бойынша Болгарияның «Левски» командасына жол берді. Қорытынды есеп - 0:2.
«Қайрат» 0:1 «Левски»
«Қайрат» еурокубоктағы жолын Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде жалғастырады.
Плей-офф кезеңінде алматылық клуб «Андерлехт» (Бельгия) – ПАОК (Грекия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.