Әнші Сәкен Майғазиев ауруханаға барып, әріптесі Кенжебек Жанәбіловтің жағдайын біліп қайтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Айтуынша, әнші инфаркт алған және ота жасау қажет. Дәрігерлер үш-төрт ай демалу керек екенін айтқан.
"Ақ Кенжештің хәлін сұрап, көңілін көтеріп қайттық. Дәрігерлерге мың алғыс! Кенжебек білікті маман, тәжірибелі дәрігер Алмат Егізеков мырзаның жіті қадағалауында. Екі күн бұрын қатты қысылып, приступ беріпті. Бүгін беті бері қарапты. Алайда, үлкен күтімді қажет етеді дейді мамандар. Бүкіл Қазақстанның жоғары дәрежелі кардеологтарымен консилиум жасап ортақ шешімге келу керектігін айтты. Бір сөзбен айтқанда, жеті рет өлшеп бір рет кесу керек дейді. Ота жасаса 3-4 ай сахнаға шықпай демалуына тура келеді дейді. Кенжебек Тұрсынбайұлына дұға жасап қоялық. Алла шипа берсін. Ауырып жатқан жанның ұнжырғасын түсіре бермей, күлкіге көмкеріп, көңіл күйін көтеріп кету сауапты амалдардан екен. Құлан-таза жазылып аттай шауып жүрсін. Сіздерге де мықты денсаулық тілейміз, Қазақ елі", - деп жазды ол.
Айта кетейік осыдан бірнеше күн бұрын Кенжебек Жанәбілов жансақтау бөліміне түскені белгілі болған еді.
Желі қолданушылары әншінің тезірек сауығуын тілеп, пікір жазып жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.