Алматыда жер сілкінді: жерасты дүмпуі 2 балл болды

Жерасты дүмпуі Астана уақытымен сағат 12:14-те тіркелген.

Бүгін Алматыда жер сілкінісі сезілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жерасты дүмпуі Астана уақытымен сағат 12:14-те тіркелген.

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісінің мәліметінше, Алматы қаласында жер сілкінісінің сезілу күші 2 балл болды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.