Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова барлық өңірдің білім басқармалары басшыларымен жаңа оқу жылына дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жиында мектептердің дайындығы, жаңа білім беру нысандарының құрылысы, қолданыстағы мектептердегі жөндеу жұмыстары және білім беру ұйымдарының оқушыларды қабылдауға әзірлігі талқыланды.
Өңір басшылары құрылыс пен жөндеу жұмыстарының барысы, нысандардың дайындық деңгейі және шешуді қажет ететін мәселелер туралы баяндады.
Кеңес қорытындысында өңірлерге жұмыстардың мерзімі мен сапасына бақылауды күшейтіп, барлық білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына толық дайын болуын қамтамасыз ету тапсырылды.