Әнші Қайрат Нұртас пен жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толуына орай той жасап, тұсаукесер рәсімін өткізді, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иелері қуанышына жақындары, әріптестері мен достарын шақырған. Тойдың бейнежазбасын Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіде жариялады.
«Күнтізбеміздегі ең бақытты күндеріміздің бірі болсын. Осыдан тура 1 жыл бұрын біздің үйге күннің шуағындай жарқырап Рәбия Сұлтан қосылған. Салтымызды сақтап, дәстүрді жалғап, Рабия Сұлтанның тұсау кесу рәсімін жасадық», - деп жазды актриса.
Сәбидің тұсауын тележүргізуші Динара Сәтжан кескенін байқауға болады.
Желі қолданушылары жұлдызды жұпты құттықтап, жылы лебізін білдіріп жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.