Театрдың жаңа маусымы ашылды

Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры жетінші маусымының шымылдығын түрді. Биыл театр репертуарын жаңа қойылымдармен толықтырып, көрерменге түрлі жанр мен мазмұндағы спектакльдерді ұсынуды жоспарлап отыр.

Театр ұжымы биылғы маусым­ның алғашқы қойылымы ретінде «Абай–Тоғжан» спектаклін көрер­мен­ге тарту етті. Қойылымның театр репертуарында өзіндік орны бар. Сонымен қатар жаңа маусым ба­ры­сында көрерменге «Гауһартас», «Қош бол, Гүлсары» секілді қойы­лым­дар ұсынылып, жаңа туындылар мен премьералар сахналанбақ.

Театрдың басты бағыттарының бірі – көрерменге сапалы қойылым ұсынып қана қоймай, сахна арқылы қоғамдағы маңызды тақырыптарды көтеру. Әсіресе жас көрерменнің театр­ға қызығушылығын арттырып, оның эстетикалық талғамы мен дүниетанымын қалыптастыруға ықпал ету маңызды. Осылайша, Му­зыкалық жас көрермен театры­ның жетінші маусымы жаңа шығар­ма­шылық жоспарлар мен тың із­де­ністерге жол ашты. Ендігі кезекте театр ұжымы жаңа рөлдер мен қойы­лымдар арқылы көрерменге ой салып, жетінші маусымды маз­мұнды әрі есте қаларлық шығар­ма­шы­лық кезеңге айналдыруды көз­дейді.

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ