Елена Рыбакина Торонто турнирінің жартылай финалына шықты

Үш сетке созылған тартысты матч Рыбакинаның 4:6, 7:6 (7:5), 6:4 есебімен жеңісімен аяқталды.

Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалында жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған және турнирде екінші нөмірмен тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 13-ракеткасы жапониялық Наоми Осакамен кездесті.

Үш сетке созылған тартысты матч Рыбакинаның 4:6, 7:6 (7:5), 6:4 есебімен жеңісімен аяқталды.

Теннисшілер кортта 2 сағат 36 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Елена 14 эйс жасап, алты рет қос қателікке жол берді және алты брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Теннис федерациясы мәліметінше, жартылай финалда қазақстандық теннисші әлемнің төртінші ракеткасы америкалық Коко Гауффпен кездеседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.