Биылғы конгреске елімізден 40-қа жуық кітапхана саласының маманы барып, ТМД елдері арасында үлкен делегацияны құрады. Конгрестің ғылыми бағдарламасы кітапхана ісінің қазіргі даму бағытын айқындайтын маңызды мәселелерді қамтиды. Атап айтқанда, ұлттық кітапханалар мен ұлттық библиографияны дамыту, халықаралық библиографиялық және метадеректер стандарттарын жетілдіру, каталогтаудың жаңа модельдері, ақпараттық қауіпсіздік, жасанды интеллект технологияларын кітапхана қызметіне енгізу мәселелері кәсіби бағдарламаның басты бағыттары ретінде айқындалды.
Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ