Өңірлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ және жел күтіледі

Төтенше өрт қаупі сақталады.

Төтенше жағдайлар министрлігі, 13 тамызға арналған Қазақстан өңірлеріндегі ауа райы болжамын жариялады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Абай және Жетісу облыстарында жаңбыр, найзағай, бұршақ және жел күтіледі.
Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында және Жетісу облысында желдің екпіні 15–20 м/с дейін күшейеді.
Өрт қаупі
Бірқатар өңірлерде, оның ішінде Түркістан, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында, Жетісу және Ұлытау облыстарында, сондай-ақ басқа да өңірлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.