Шымкенттегі жол апатынан бір әулеттің үш адамы қаза тапты

Марқұм әйелдің Астанада тұратын әпкесі де өз қызымен бірге басқа көлікте келе жатқан.

Апат салдарынан 44 жастағы әйел, оның жақында оқу орнына түскен қызы және 11 жастағы жиені қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Марқұм 11 жастағы баланың анасы бастапқыда ұлымен бірге бір көлікте отырған. Бірақ жолай кішкентай қызы жылай бастаған соң, әйел күйеуінің көлігіне ауысқан. Ал 11 жастағы ұлы алғашқы көлікте қалған.

Марқұм әйелдің Астанада тұратын әпкесі де өз қызымен бірге басқа көлікте келе жатқан.

Шымкент қаласының полициясы аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, жол апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр.