Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасы арқылы коронавирус кесірінен көз жұмған отандасымыздың отбасына көңіл айтты. «64 жастағы әйелдің коронавирустан қайтыс болуы бұл індеттің аса қауіпті әрі карантинді сақтау өте маңызды екенін көрсетеді. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Елорда мен Алматыда карантин шараларын күшейтіп, Шымкентте шектеулер енгізу жөнінде шешім қабылданды. Осындай қажетті шара қолдануға мәжбүрміз. Эпидемияны бәріміз бірге жеңеміз. Одан сабақ алып, тиісті қорытынды жасаймыз» делінген Президенттің Twitter парақшасында.