Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі: Қазақстандағы коронавирус бойынша 27 наурыздағы 07:50 сағатты жағдайды хабарлады. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам Алматы қаласында тiркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 60 адам, Алматы қаласында – 47 адам, Қарағанды қаласында – 4, Шымкент қаласында – 2 адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Жамбыл облысында – 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, Ақмола облысында 1 адам жалпы 120 науқас тіркелді.