«Байтақ» партиясы Өскеменде сайлауалды үгіт-насихат жүргізіп жатыр

Өскеменде «Байтақ» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмысы жоспарға сай жүріп жатыр. Партия өкілдері қатарынан бірнеше шара өткізді.

Белсенділер «Есіктен есікке» акциясы аясында қала халқымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасы мен негізгі бағыттарын таныстырды. Насихат қоғамдық көлікте де жүрді. Жолаушыларға үгіт материалдары таратылып, партияның мақсаттары мен бастамалары туралы ақпарат берілді.

«Байтақ» партиясының атынан Құрылтай сайлауына түскен үміткер Алмаз Джакишев «Таза Өскемен» кәсіпорында қызметкерлерімен кездесті. Жиында қаланың экологиялық жай-күйі талқыланды. Атап айтқанда, қоршаған ортаны қорғау, ауа сапасын жақсарту, атмосфераның ластану деңгейін төмендету.

Кәсіпорын қызметкерлері экология саласындағы өзекті түйткілдерді көтеріп, оларды шешу жолдары бойынша ұсыныстар айтты. Шара еркін пікір алмасу форматында өтті.

Жасыл әрі таза қала – болашаққа салынған инвестиция

«Байтақ» жасылдар партиясы Павлодарда өңірді көгалдандыру мәселесі бойынша қоғамдық талқылау өтті. Жиын облыстық Азаматтық альянсы мен «ЭКОМ» қоғамдық ұйымы бастамасымен ұйымдастырылды. Оған 25-тен астам адам атсалысты.

Талқылауға Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Бекберген Керей де қатысты.

Кездесуде өңірдің жасыл қорын дамыту, бар жасыл желекті сақтау және қалпына келтіру, елді мекендерді абаттандыру, сондай-ақ қоғам мен жергілікті органдардың экологиялық жауапкершілігін арттыру мәселесі көтерілді.

Бекберген Керей көгалдандыруға жүйелі түрде қарау, бар ағаштарды сақтап қалу және халыққа қолайлы әрі экологиялық қауіпсіз орта қалыптастырудың маңызды екенін атап өтті.

«Жасыл әрі таза Павлодар өңірі – халық денсаулығына және балаларымыздың болашағына салынған инвестиция», – деді кандидат.