Спорт күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінде спорт қауымдастығы өкілдерін марапаттау рәсімі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Отандық спорт пен олимпиадалық қозғалыстың дамуына қосқан үлесі үшін спортшылар, жаттықтырушылар және спорт саласының мамандары Қазақстан ҰОК-нің Құрмет белгілерімен марапатталды.
«Қазақстан Республикасы Олимпиадалық қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» I дәрежелі Құрмет белгісімен:
Назым Қызайбай - 2024 жылғы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, бокстан 2025 жылғы әлем чемпионы;
Нұрбек Оралбай - 2024 жылғы Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері;
Айбек Оралбай - бокстан 2025 жылғы әлем чемпионы;
Елдос Сайдалин - бокстан Қазақстан Республикасы әйелдер ұлттық құрамасының бас бапкері;
Асқар Еркебаев - бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы;
Дархан Қызайбаев - «Қазақстан бокс федерациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің халықаралық байланыстар жөніндегі вице-президенті;
Сағындық Мекеев - Қазақстан Республикасының аралас жекпе-жек (ММА), панкратион және грэпплинг ұлттық федерациясының президенті.
«Қазақстан Республикасы Олимпиадалық қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» II дәрежелі Құрмет белгісімен:
Сергей Шевченко - ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының жаттықтырушысы;
Долкунжан Камеков - бокстан Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы.
ҰОК-нің құрмет белгілері спорт пен олимпиадалық қозғалыстың дамуына қосқан елеулі үлесі, кәсіби жетістіктері, сондай-ақ, қазақ спортын өркендетуге және жоғары деңгейдегі спортшыларды даярлауға бағытталған көп жылғы еңбегі үшін табысталады.
Айта кетейік, Қазақстанда Спорт күні жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі.