Қостанай облысында 80 жас эколог «Таза Қазақстан» аясында бас қосты

Слетке Қостанай облысының 18-35 жас аралығындағы 80-ге дейін белсенді жастары мен волонтерлік қоғамдастық өкілдері, оның ішінде облыстың аудандары мен қалаларындағы жастар ресурстық орталықтарының өкілдері қатысты.

2026 жылдың 14-16 тамыз аралығында Лисаковск қаласындағы «Алый парус» демалыс базасында жастар мен еріктілер арасында Қостанай облыстық экологиялық слеті өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Іс-шараны «Neco» экологиялық клубы» қоғамдық қоры Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық даму басқармасы» ММ қолдауымен «Таза Қазақстан» қағидаты аясында жүзеге асырылатын «EcoZhas» жобасы шеңберінде жастар мен еріктілер арасында экологиялық идеяларды ілгерілету» жобасы аясында ұйымдастырды.

Слетке Қостанай облысының 18-35 жас аралығындағы 80-ге дейін белсенді жастары мен волонтерлік қоғамдастық өкілдері, оның ішінде облыстың аудандары мен қалаларындағы жастар ресурстық орталықтарының өкілдері қатысты.

Слеттің негізгі мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, экологиялық волонтерлікті, көшбасшылық құзыреттер мен жобалық ойлау дағдыларын дамыту, сондай-ақ жастардың өңірдегі экологиялық мәселелерді шешуге қатысу деңгейін арттыру.

Іс-шара слет қатысушыларына арналып ұйымдастырылған Эко кәсіпорындар мен ұйымдарды аралаумен басталды. Экскурсия барысында жас эковолонтерлер экокабинет, мемлекеттік питомник, жеке питомник, "Атамекен 4+", "АгроЭкоХаб" сияқты ұйымдарды аралады. Соңынан ұйымдасқан түрде слет болатын Лисаковск қаласының «Алый парус» демалыс базасына бет алды.

Үш күндік бағдарлама аясында қатысушылар бірінші күні экологиялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметімен танысты, екінші күні білім беру тренингтері жоспарланған, сонымен қатар үшінші күні шеберлік сабақтары, командалық және жобалық жұмыстарға қатысу ұйымдастырылады.

Бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі – экологиялық стратегиялар мен практикалық шешімдерді әзірлеуге үйрету. Қатысушылар командаларға бөлініп, өңірдегі өзекті экологиялық мәселелерді анықтайды, өздерінің стратегияларын осы үш күнде әзірлейді және оларды қорғайды.

Білім беру бағдарламасы экологиялық волонтерлік, ұқыпты тұтыну, зооволонтерлік, қалдықтарды қайта өңдеу және қайта пайдалану, көгалдандыру, жаңартылатын энергия көздері, экологиялық және климаттық жобалар, сондай-ақ экология мен волонтерлік саласындағы халықаралық тәжірибелер сияқты бағыттарды қамтиды.

Спикерлер мен сарапшылар ретінде республикалық және өңірлік деңгейдегі мамандар бар – Окапова Асыл, Евженкова Людмила, Соловьева Ольга, Шадрина Динара, Генадий Ипатов, Жанбуршинов Азим, Жұмат Бауыржан Киікбайұлы және Татьяна Миронюк.

Слет аясында командалық өзара іс-қимылды дамытуға, сондай-ақ қатысушылар арасындағы кәсіби және тұлғааралық байланыстарды нығайтуға бағытталған тимбилдингтер, спорттық және мәдени-демалыс іс-шаралары да ұйымдастырылады.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар әзірлеген экологиялық стратегияларын таныстырады. Үздік стратегияны іске асыруға кемінде 1 000 000 теңге көлемінде қаржыландыру беріледі. Слеттің барлық қатысушыларына сертификаттар табысталады.

Іс-шараның үшінші күні «Нас тут не было!» экологиялық акциясымен қорытындыланады. Акция барысында қатысушылар аумақты тазалау жұмыстарын жүргізеді.

Слетті өткізу Қостанай облысындағы жастардың экологиялық қозғалысын дамытуға, волонтерлік бастамаларды қолдауға және «Таза Қазақстан» қағидаттарына сәйкес жастардың өңірдің экологиялық күн тәртібін іске асыруға қатысуының практикалық тетіктерін қалыптастыруға бағытталған.