Егін жинау науқаны өнімді басталды

Биылғы жиын-терін қарсаңында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин күзгі егіс жұмысы бойынша жедел штаб отырысын өткізді.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепованың айтуынша, еліміздің көп өңірінде егін жинау жұмысы жүргізілуде. Жиын-терін науқаны тамыздың үшінші он күндігінде басталады.

Биыл жалпы жиналатын егіс алқабы 24,2 млн гектар болса, оның 15,6 млн гектары – дән­ді және бұршақты дақыл. Бүгінде 1,9 млн гек­тар немесе 12,5% алқаптан дәнді дақыл жи­нал­ды. Егін жинаудың ертерек басталуы жаз­дың әдеттен тыс ыстық болып, дақылдың тез пісуіне байланысты. 3,4 мың гектардан май­лы дақыл жиналып, орташа өнімділік былтырғы жылғы сәйкес кезеңге қарағанда, 7,4 ц/га-дан 10,5 ц/га-ны көрсетті. 3,5 мың тон­­на жиналды. Ұйымдасқан шаруа­шы­лық­тар­да 214 мың тонна картоп жиналған. Сон­дай-ақ 628,6 мың тонна көкөніс пен 506,9 мың тонна бақ­ша дақылы терілді. Жиын-терін­ге ар­нал­ған техника дайындау жұмыс­тары аяқталған. Оның өңірлердегі дайындығы шамамен 97% болса, науқан басталғанда 100%-ға жетуге тиіс. Жинауға барлығы 130,8 мың трактор, 29 мың астық комбайны, 17 мың орақ пен 130 мың бірлік басқа да техника жұмылдырылады. 

Серік Жұманғарин әкімдіктерге Азық-түлік корпорациясымен бірлесіп, қоймаларды босату жұмысын тездетуді тапсырды.

М.ТӨЛЕУ