«Ене болғаннан ана болу оңайырақ»: Жазира Байырбекова жан сырын ақтарды

Желідегі оқырман әншіден ене болудың қызығы мен қиындығы туралы сауал қойған.

Әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында оқырман сұрағына жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.  

Желідегі оқырман әншіден ене болудың қызығы мен қиындығы туралы сауал қойған. Өнер иесі келінін қызындай көретінін айтты.

"Ене болу қалай екен?"дейсіздер. Ене қандай болу керек екенін ене болғанда айтамын дейтінмін. Қазір де нақты айта алмаймын. Маған енеден гөрі ана болу оңайырақ әрі жеңіл сияқты. Жас енелерге лайфхак: ене бола алмай, қалай ене болам деп жатсаңыздар, жай ғана «Мама» бола салыңыздар. Жеңіл болады. Осында ене болған аналар болса, кеңестеріңізді жаза отырыңыздар!» – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары бұған түрлі пікір білдіріп жатыр.

«Ене болу қиын сияқты. 4 ұлым бар, өзім қазір келінмін. Келінге де, енеге де оңай емес екен», «Бәріне көз жұмып, өзің істеп жүре бересің», «Сабыр керек», «Саналы келін өзі-ақ алып кетеді», «Сен ене емес, ана болу үшін ол да анасындай көру керек», – деп жазды желі қолданушылары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.