Жастар экологиялық бастамаларды белсенді қолдады

Қостанай облысында жастар мен волонтерлердің экологиялық мәдениетін арттыруға және азаматтық белсенділігін күшейтуге бағытталған облыстық экологиялық слет өз жұмысын бастады.

Іс-шараға Қостанай облысы­ның қалалары мен аудандарынан 18-35 жас аралығындағы 80-ге жуық белсенді жас пен волонтер, жастар ресурстық орталық­тары­ның өкілдері қатысуда. Сондай-ақ басқосу Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе және Ақмола облыста­рының белсенді жастарын бірік­тірді.

Слеттің ашылуында Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы басшысының орынба­сары Қазез Қайрат жастар­дың әлеуетін нақты істерге бағыт­тау мен экологиялық мәдениетті қалыптас­тырудың маңызын атап өтті. 

– Қостанай облысында бүгінгі таңда 210 мыңнан астам жас бар. Бұл – өңірдің дамуына елеулі үлес қоса алатын үлкен күш әрі үлкен жауапкершілік. Жастардың әлеуе­тін нақты істерге бағыттау – біздің басты міндеттеріміздің бірі. Жас­тарды еңбекпен қамту бағытында да нақты нәтижелер бар. Соңғы бес жылда «Жасыл ел» еңбек жас­ақ­тары арқылы 9 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды. Биыл тағы кемінде 1 900 жасты еңбек жасақтарына тарту жоспарланып отыр. Бұл жастардың еңбекке араласуымен қатар, туған жерді абаттандыруға, көгалдандыруға және қоршаған ортаны қорғауға қосқан нақты үлесі, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Іс-шара бағдарламасы эколо­гиялық кәсіпорындар мен ұйым­дардың жұмысымен танысу, трен­ингтер, шеберлік сабақтары және командалық жұмыстарды қамти­ды. Қатысушылар өңірдегі өзекті экологиялық мәселелерді талдап, оларды шешуге бағыт­тал­ған стра­тегиялар әзірлейді. Бағ­дар­ламада экологиялық волонтер­лік, ұқып­ты тұтыну, зоовол­он­тер­лік, қал­дықтарды қайта өңдеу, көгал­дан­дыру, жаңартылатын энергия көз­дері және климаттық жобалар бағыттарына ерекше көңіл бөлі­неді.

Слет қорытындысында үздік экологиялық стратегияны іске асыруға кемінде 1 млн теңге көле­мінде қаржыландыру беріледі. Іс-шара «Біз мұнда болған жоқ­пыз!» экологиялық акциясымен аяқталады.

Облыстық экологиялық слет жастардың білімін арттырып қана қоймай, олардың экологиялық баста­маларын нақты жобаларға айналдыруға мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналып отыр.

М.ЖАЛҒАСҰЛЫ