«Сөз бостандығы - аузыңа келгенді айту емес»: Динара Сәтжан емшіге сот үкімі шыққан соң пікір білдірді

Сот шешімі бойынша емшіге 1,5 миллион теңге айыппұл салынған еді.

Тележүргізуші Динара Сәтжан өзін балағаттаған ақтөбелік емші Бағдагүлге қатысты сот үкімі шыққаннан кейін жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.    

Сот шешімі бойынша емшіге 1,5 миллион теңге айыппұл салынған еді. Динара Сәтжанның сөзінше, бірнеше ай бұрын емші әлеуметтік желіде өзіне, Баян Мақсатқызына және тағы бірнеше танымал адамға тіл тигізген.

Тележүргізуші осындай мәселеде әлеуметтік желіде сөз таластырмай, мәселені заң аясында шешуге кеңес берді.

«Сізге әлеуметтік желіде жала жапты ма, үндемеңіз, ұрсыспаңыз, жауап жазып, дауласып, уақыт кетірмеңіз! Заңға сүйеніңіз! Бірнеше ай бұрын Бағдагүл Баянға, маған және бірқатар танымал адамдарға қатысты былапыт сөз айтып, ауыр айыптар таққан болатын. Дауласпадық, әлеуметтік желіде оны желіктіріп кері реакция жасамадық, біз тек сотқа бердік!  Кеше Баян екеуіміз сотта жеңіске жеттік. Сот оған 1,5 миллион теңге көлемінде айыппұл салды.  Бұл қаржыны ол бізге емес, мемлекетке төлейді. Келесі жолы тағы да осындай әрекеттерін қайталаса, оны әкімшілік қамауға алу жазасы да тағайындалуы мүмкін. Адам басқа біреудің абыройына нұқсан келтіретін сөз айтқанда, әр сөзі үшін жауап беретінін ұмытпауы керек. Ертең менде тағы бір сот отырысы бар. Бұл жолы қорлау фактісі бойынша», - деді Динара Сәтжан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.