Тұрғын үй мен жұмыспен қамту жас отбасылар үшін басты мәселе болып отыр

Бұл туралы Қазақстандық қоғамдық даму институтында БҰҰ Халықты қоныстандыру қорының (ЮНФПА) Demographic Futures Survey 2026 атты жаңа жаһандық зерттеуінің нәтижесінде айтылды.

18–28 жас аралығындағы респонденттердің 61,5%-ы тұрғын үй сатып алуға көмектесуді, 51,4%-ы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді мемлекеттік қолдаудың басым бағыты ретінде атаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұдан кейін ауыр науқасы немесе мүгедектігі бар мүшелері бар отбасыларға көмек көрсету (31,4%), балалардың сапалы білім алуын қамтамасыз ету (30,7%) және сапалы медициналық қызметтерге қолжетімділік (29,3%) көрсетілген. Демек, жас отбасыларды қолдауда олардың дербес өмір бастауына қажетті базалық жағдайлар ерекше маңызға ие.