Жолаушылар жолдан қалды
Жолаушылар жолдан қалды
5,118
оқылды
Елімізде жолаушылар пойызында билеттерді қайта­ру жағдайы тұрақталды. Қазіргі уақытта «Жо­лаушылар тасы­малы» АҚ билеттер кассасына 3,6 млрд теңгенің билеті тапсырылды деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
12-26 наурыз аралығында қа­зақстандықтар 578 мың темір­жол билетін өткізді. «Теміржол қыз­меткерлері болса, билет кас­са­ларында бір-бірінен 2 метр қа­шықтық ұстау керегін түсінді­ріп жатырмыз. Ал жолаушылар по­йызында жолсеріктер жолау­шылардың денсаулығын қада­ғалауда. Вагондарды жинау кес­теге сәйкес жүргізіліп жатыр және дезинфекция жасау ереже­ле­рі сақталуда», – дейді олар.
2020 жылдың 19 наурызында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалала­рында осы жылдың 22 науры­зы­нан бастап карантин енгізілетіні жарияланғаннан кейін екі қалаға барлық бағыттағы жолаушылар пойызының қозғалысы тоқ­та­тыл­ды. Қазақстандықтардың билет­терді қайтарып жатқаны назарға алына отырып, келушілер вокзал­ға тек маскамен бір есіктен кіруде. Перронға шығатын жол толықтай жабылды. Нұр-Сұлтан мен Алма­ты қалаларындағы вок­залдарда барлық сауда нысаны жабық. Ка­рантин кезінде жалға алушы­лар­мен келісім тоқ­татылған.  

Ә.ЖҰМАН