Шымкент қаласында «Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов мұнай-логистика саласының өкілдерімен кездесті, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты «Ауыл» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуге«Ауыл» партиясының өкілдері Ғани Қарабеков, Талғат Айтбаев және Тимур Савин қатысып, Құрылтай депутаттығына байланысты сайлауалды үгіт-насихат науқанын жүргізді.
Кездесу барысында «Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов еңбек адамының ел экономикасындағы рөлін атап өтсе, Талғат Айтбаев өндірістік және логистикалық кәсіпорындардың стратегиялық маңызына тоқталды.
Сондай-ақ еңбек ұжымы тарапынан саладағы өзекті мәселелер мен ұсыныстар көтеріліп, оларды шешу жолдары талқыланды.