«Ақ жол» партиясы "Зире" медициналық орталығының ұжымымен кездесті

Жиын ашық пікір алмасу форматында өтіп, медицина саласының мамандары өздерін толғандырған мәселелер мен ұсыныстарын ортаға салды.

«Ақ жол» ҚДП сайлауалды үгіт-насихат штабы "Зире" медициналық орталығының ұжымымен кездесті, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидат, «Ақ жол» ҚДП Жетісу облыстық филиалының төрағасы Ермек Егінбаев партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды. 

Атап айтқанда, шағын және орта бизнесті қолдау, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік әділеттілікті нығайту және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамалар кеңінен сөз болды. 

Қатысушылар тарапынан «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасына қызығушылық танытылып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

 Осындай кездесулер халықпен тікелей байланыс орнатып, елдің көкейіндегі мәселелерді ашық талқылауға мүмкіндік береді. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасына қатысты оң пікірлер айтылып, бірқатар бастамаларға қолдау білдірілді.