Алматыда 2008 жылы жасалған кісі өлтіруге қатысқан Ю. Юсупов 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол қылмыстан кейін Қазақстаннан қашып, 17 жыл бойы халықаралық іздеуде болған.
Тергеу дерегінше, 2008 жылғы 19 мамырда Юсупов пен оның сыбайласы А. Коваленко Алматы орталығында ер адамды аңдып, оған бірнеше рет оқ атқан. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды. Кейін Юсупов елден кетіп, Еуропада жалған анкеталық деректермен жасырынған.
2025 жылғы тамызда Юсупов Литва шекарасынан өту кезінде ұсталып, сол жылдың қарашасында Қазақстанға экстрадицияланды. 2026 жылғы шілдеде Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы жасалған кісі өлтіруге көмектескені үшін кінәлі деп танып, 15 жылға соттады.