ҚПЛ: «Қайрат» пен «Жеңіс» ірі жеңіске жетті

«Қайрат» жетінші жеңісіне жетті, «Жеңіс» «Жетісуды» ойсырата ұтты

15 тамызда Қазақстан Премьер-лигасында бірнеше кездесу өтті. 

«Қайрат» — «Ұлытау» — 3:1

Алматыда өткен кездесудің 32-минутында Эдмилсон есеп ашты. Екінші тайм басталғаннан кейін Ойва Юккола «Қайраттың» басымдығын арттырса, 74-минутта Азамат Тұяқбаев үшінші голды соқты. Қосымша уақытта «Ұлытау» сапынан Илья Черняк пенальтиді дәл орындап, есепті 3:1-ге жеткізді.

Бұл «Қайраттың» қатарынан жетінші жеңісі. Алматы клубы 48 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында келеді және көш басындағы «Ордабасыдан» бір ұпай қалып тұр. «Ұлытау» жетінші орында қалды.

«Жеңіс» — «Жетісу» — 4:1

«Астана Аренада» өткен ойында «Жеңіс» бірінші таймның өзінде екі гол соқты. Андрия Филипович 13 және 27-минуттарда екі пенальтиді де сәтті орындады. 55-минутта Адилио есепті 3:0-ге жеткізсе, 71-минутта Владислав Наумец төртінші голды соқты. «Жетісудың» жалғыз голын 76-минутта Марко Зиванович енгізді.

Осы жеңістен кейін «Жеңістің» еншісінде 26 ұпай бар және команда турнир кестесінде сегізінші орында тұр. «Жетісу» 19 ұпаймен төменгі орындарда келеді.