Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев лондондық «Челсиден» «Бернлиге» жалға ауысқаннан кейін алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ағылшын клубы 18 жастағы қазақстандық футболшының 2026/27 жылғы маусымға жалға алынғанын ресми түрде жариялады. Келісім рәсімделгеннен кейін Сәтпаев алғашқы әсерімен бөлісіп, жаңа командадағы мақсаты туралы айтты.
«Мұнда келгеніме өте қуаныштымын. Бұл – менің мансабым үшін тамаша мүмкіндік. «Бернли» – өз мүмкіндігімді көрсете алатын және команданың өзіне лайықты орнына қайта оралуына көмектесе алатын керемет клуб.
Бұл – Англияда өнер көрсетудегі алғашқы тәжірибем. Енді мансабымның жаңа кезеңін бастауға және «Бернлиде» сәтті өнер көрсетуге дайынмын», – деді Сәтпаев клубтың баспасөз қызметіне.