Шымкентте әйелге қышқыл шашқан күдікті оны «салонға» қалай шақырғаны белгілі болды

Бұл туралы НеМолчиKZ қозғалысы хабарлады.

Шымкентте бұрынғы күйеуі қышқыл шашқан әйелдің ісіне қатысты жаңа деректер жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қозғалыс мәліметінше, күдікті әйелдің телефонына жаңа нөмірін «Айнұр клиент» деп сақтап, кейін сол нөмірден хабарласқан. Ол әйелді таңғы сағат 5-те ұшақ пен такси дайын болатынын айтып, үйіне жақын сұлулық салонына шақырған.

Ақша қажет болғандықтан, салонға барған әйелді ер адам күтіп тұрған. Ол каска, қолғап және арнайы киім киіп, жәбірленушіге канистрдегі күкірт қышқылын шашқан. Әйел шабуыл жасаған адамның кім екенін бірден танымаған.

Қазір жәбірленуші ауруханада ем алып жатыр. Тергеуші оған келіп, қосымша жауап алған.

НеМолчиKZ өкілдері шабуыл алдын ала жоспарланған болуы мүмкін деп санап, полициядан күдіктінің қышқылды қалай алғанын, интернеттегі іздеу тарихын, банк операциялары мен байланыстарын тексеруді сұрады.

Әлеуметтік желідегі мәлімет бойынша, күдікті бұған дейін екі рет үйленген, ал жәбірленуші оның үшінші әйелі болған. Бұл ақпарат әзірге ресми органдар тарапынан расталған жоқ.

Істің нақты құқықтық саралануы мен күдіктінің кінәсін сот анықтайды.