Павлодарда 18 жастағы жігіт Ертіс өзеніне батып кетті

Павлодарда 18 жастағы жігіт суға батып көз жұмды.

Қайғылы оқиға қалалық жағажай маңында болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша, жас жігіт Ертіс өзеніне батып кеткен. Өзендегі ағыстың қатты болуына байланысты оны бірден табу мүмкін болмаған.

Құтқарушылар марқұмды екі күн бойы іздеді. Іздестіру жұмыстары барысында сүңгуірлер су астына 80 рет түсіп, жүзу құралдары да пайдаланылған. Нәтижесінде 2007 жылы туған азаматтың денесі Жаңауыл ауылының төменгі тұсынан табылды.

Облыстық ТЖД мәліметінше, өңірде шомылу маусымы басталғалы бері 6 адам суға батып көз жұмған. Олардың екеуі – бала.

Облыстық ТЖД жедел құтқару жасағы бастығының орынбасары Серік Шериаздановтың айтуынша, іздестіру жұмыстарына сүңгуірлер мен жүзу құралдары жұмылдырылған.