Тәртіпке бағынған құл болмайды

Тәртіпке бағынған құл болмайды

Елімізде төтенше жағ­дай жарияланған сәттен бастап елордалық құқық қорғаушылар 159 адамды жауапкершілікке тартқан. Оның ішінде 39 адам – заң­сыз кәсіпкерлік қызметпен ай­на­лыс­қан, 119 – төтенше жағдай ре­жи­мін бұзған және 1 адам ­тө­тенше жағдай кезінде құ­қық­тық тәртіпті бұзуға итер­мелейтін әре­кет жа­са­ған. Нәтижесінде, 124 адамға жал­пы сомасы 3 883  715 теңгені құ­райтын әкім­шілік айыппұл салы­нып, 35 адам қамауға алынды. Сонымен қатар сот шешімімен құқық бұ­зушылардан 224,7 литр антисеп­тик, 17 946 дана меди­ци­на­лық мас­ка мемлекет кірісіне тәркі­ленді. «Карантин талаптарын бұ­­зу және адамдар жиналатын нысандардың заңсыз жұмыс фактілері бойынша 74 субъекті, оның ішінде 13 дәмхана, азық-түлік емес заттар сататын 14 дү­кен, 8 асхана, 6 дөнер дүңгірше­гі, 3 бильярд клубы, 3 тігін салоны, 5 компьютерлік клуб, 5 сұлулық салоны, 5 сауна, 1 СПА және 5 техникалық қызмет көрсету стан­сасы жауапқа тартылды» деп Нұр-Сұлтан қалалық про­кура­­турасы мәлім етті. Ал Алматы қалалық сотында Төтенше жағдай режимін бұз­ғандарға қатысты 120 іс қаралды. «26 наурыздағы жағдай бойынша, Алматы әкімшілік істер бойынша ауданаралық мамандандырылған соты 120 әкімшілік іс қарады. Ка­рантин аймағының шека­ра­сын бұзбақ болған 111 адам әкім­шілік жауапкершілікке тартыл­ды. Олар­дың 70-і 5 тәуліктен 10 тәу­лікке дейін қамауға алынса, 41 құқық бұзушыға 10 АЕК мөл­шерінде айыппұл салынды», – дейді қа­лалық сот баспасөз қыз­меті. Ка­рантин мерзімінде кә­сіпкерлік­пен айналысқан 9 тұл­ғаның екеуі 5 тәулікке қа­малса, қалған 7 адам­ға әкімшілік айып­пұл салынған.  

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ