Кенжебек Жанәбілов жүрегіне жасалған отадан кейін алғаш рет жазба жариялады

Өнер иесі өзіне медициналық көмек көрсеткен дәрігерлерге алғысын білдіріп, ота кезінде кәсіби қолдау көрсеткен мамандарға ризашылығын жеткізді.

Ауруханада ем қабылдап жатқан өнер иесі Кенжебек Жанәбілов денсаулық жағдайына қатысты әлеуметтік желіде жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Өнер иесі өзіне медициналық көмек көрсеткен дәрігерлерге алғысын білдіріп, ота кезінде кәсіби қолдау көрсеткен мамандарға ризашылығын жеткізді.

«Менің тілеуімді тілеп, жанын шүберекке түйген пенделерін Алла мейіріміне бөлесін! Бір-бірімен ақылдасып, отаның сәтті өтуіне үлес қосқан үш емханаға алғысым шексіз. Қазақта да білікті маман жетеді! Барлықтарыңызды құшақтадым!» – деп жазды Кенжебек Жанәбілов.

Еске салайық, бұған дейін әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің әріптесі әрі досы Кенжебек Жанәбіловтің жүрегіне ота жасалғанын хабарлаған еді.