Елена Рыбакина WTA 1000 турнирін сәтті бастады

Рыбакина Цинциннатиде былтырғы жартылай финал үшін алған рейтингтік ұпайларын қорғап жатыр

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Цинциннатиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирін сәтті бастады.

Алғашқы кездесуінде Рыбакина әлемдік рейтингте 94-орында тұрған америкалық Тэйлор Таунсендті екі сетте жеңді. Матч 6:3, 6:4 есебімен аяқталды.

Үшінші айналымда Рыбакина әлемнің 41-ракеткасы, польшалық Магдалена Фрешпен кездеседі.

Рыбакина Цинциннатиде былтырғы жартылай финал үшін алған рейтингтік ұпайларын қорғап жатыр. Турнир қорытындысы бойынша қазақстандық теннисшінің әлемнің бірінші ракеткасы атану мүмкіндігі бар.