Трамп АҚШ-та коронавирусқа шалдыққандар саны көбейіп кетуінің себебін айтты
Трамп АҚШ-та коронавирусқа шалдыққандар саны көбейіп кетуінің себебін айтты
Фото: Интернеттен алынды
5,174
оқылды
АҚШ коронавирус жұқтырған адамдардың саны бойынша Қытайдан да көбейген. АҚШ-та індетке шалдыққан 82040 жағдай тіркелген. ВВС-дің мәліметінше, Қытайда науқастанғандардың жалпы саны – 81782. АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, елдің коронавирус жұқтыру оқиғалары бойынша алдыңғы орынға шығуы адамдарға тестілеудің жаппай өткізілуімен байланысты. Нью-Йорктің өзінде ғана ауру жұқтырған 30 мыңнан астам адам бар. Бұдан нашар статистика тек Италияда ғана. Індеттің таралуы Американың барлық 50 штатында тіркелген, одан көз жұмғандар саны 1000 адамға жетті. Бұған дейін АҚШ Сенаты ел экономикасын қолдау үшін екі триллион доллар бөлу туралы заң жобасын қабылдаған. Бұл Америка тарихында үкімет көрсетіп отырған ең көлемді пакет – АҚШ-тың әрбір ересек тұрғыны 1200 доллар көлемінде біржолғы көмек алатыны шамаланған. Бұдан бөлек, шағын компанияларға жалақы төлеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қаржылық демеу көрсету қарастырылған. АҚШ-та коронавирус індеті өршігеннен кейін жұмыссыз адамдардың саны 3,3 миллионға жетті.