Respublica партиясы белсенді әйелдердің басын қосты

ReWomen — 22 мың әйел.

Қостанайда Respublica партиясының ReWomen қауымдастығының 20-шы форумы өтті. Елдің барлық өңірінен белсенді әйелдер жиналды, - деп хабарлайды Aikyn.kz Respublica партиясының баспасөзіне сілтеме жасап.

Форумда Respublica партиясының тең терағалары Динара Шүкіжанова, Максим Барышев және ReWomen төрайымының орынбасары Айдана Тоғызбаева сөз сөйледі.

Respublica партиясының өкілі Максим Барышев әйелдердің бизнеске қосқан үлесін ерекше атаса, Динара Шүкіжанова «Қауымдастықтың күші — шынайылықта», — деп атап өтті.

Ал Айдана Тоғызбаева «Бізде энергия, білім және тәжірибе бар. Біздің міндетіміз — тек бірігу емес, бірге нәтиже жасап, қоғамға пайда әкелу», — деді.

ReWomen — 22 мың әйел. Олар бірігіп қана қоймай, бір-біріне мүмкіндік жасайды. Бірге жұмыс істейміз — бірге нәтижеге жетеміз".